12 мамырда Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкше» облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті. Бас дәрігер Асанұлы Дастан медбикелерімізді құттықтап, Алпысова Ризагуль Жаныбаевнаға, Оспанова Марал Каировнаға және Сыздыкова Гаухар Жумабаевнаға алғыс хаттар табыс етті.
Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасынан Құрмет грамотасымен медициналық статист Узбаева Айсулу Жанузаковна марапатталды. Сонымен қатар «Көкше» облыстық оңалту орталығының кәсіподақ комитетінің төрағасы Здуалиев Мурат Кабжанович кәсіби мерекелерімен құттықтап, сертификаттар табыс етті.

ScreenReader 















