Сіздерді көктемнің көркем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз, ізгілік пен жанашырлыққа толы жүректеріңіз бұл дүниеге шексіз жылу мен жарық сыйлайды. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақыты, мол табыс пен сарқылмас қуаныш тілейміз. Әр күніңіз жақсылыққа толы болып, жүректеріңіз мейірім мен махаббатқа бөленсін! Қашанда аман, жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін!
Ізгі тілекпен, «Көкше» облыстық оңалту орталығының ұжымы

ScreenReader 
















