Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкше» облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны зейнеткерлік жасқа толуына байланысты диеталық медбикесі Сәуле Капаровна Бримжанованы еңбек демалысына шығуымен құттықтайды.
Еңбек жолын 2001 жылы «Көкше» оңалту орталығында диеталық тамақтану бойынша мамандандырылған медбике болып бастады. Ұзақ еңбек жолында Сәуле Капаровна Бримжанова өзін сауатты маман және өз саласының тамаша маманы ретінде көрсете білді. Ақмола облысының денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты.
Еңбектегі жоғары жетістіктері, адал да мінсіз еңбегі үшін Сәуле Капаровна 2013 жылы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Ақмола филиалының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы Республикалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, сонымен қатар 2021 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Құрметті, Сәуле Капаровна құрмет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз! Барлық армандарыңыз орындалсын! Әр күніңіз қуаныш пен сәттілікке, жүрегіңізде махаббат толы болсын.
Құрметпен, «Көкше» оңалту орталығының ұжымы.

ScreenReader 















