Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкше» облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ер-азаматтарын 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады!
Әріптестерге адал еңбектері, кәсіби шеберліктері мен жауапкершіліктері үшін алғыс сөздер айтылды. Ерлерге естелік сыйлықтар табыс етіліп, зор денсаулық, отбасылық амандық, тұрақтылық және жұмыстарына табыс тіледі! Сондай-ақ «Көкше» облыстық оңалту орталығының кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді.
Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт пен тыныштық, жақсылық пен береке тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк байрағымыз асқақтай желбірей берсін. Бастарыңызда бейбіт аспан болсын!
Мерекелік іс-шараның құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисары Мәкенова бірнеше ән орындады.

ScreenReader 















